Бүгін, 10:02
Қоғам

Павлодардағы емхананың кезегіне таласқан халық есік ашылғанда бір-бірін таптап кете жаздаған (ВИДЕО)

Олар сондай-ақ іште талонға таласып қалған

Павлодардағы емхананың кезегіне таласқан халық есік ашылғанда бір-бірін таптап кете жаздаған (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Павлодардағы мемлекеттік емханалардың бірінде болған жағдайдың видеосы таралды: көріп отырғанымыздай, халық емхана ашылмастан бұрын кезек алған. Емхана есікті 07.30-да ашқан кезде емхананың ауласына дейін жиналған халық бір есікке тұра ұмтылған, деп жазады Azattyq Rýhy

Одан өзге, ішке кірген адамдар бірден талон беретін аппаратқа жүгіріп, электронды кезекке таласқан. Бұның бәрін видеоға түсірген әйел «мемлекеттік емханаға келіп, кезек алып үлгеру – ерлікпен тең» екенін жазған.

Редакция Павлодардың денсаулық сақтау басқармасына емхананың жұмыс кестесі, есік алдындағы кезек пен электронды кезекті реттеу, сондай-ақ халыққа ыңғайлы болу үшін бір емес, бірнеше есікті ашу мәселесіне қатысты сұрақтарын жолдады.