«Анасына оңай болған жоқ»: Солтүстік Қазақстанда бір үйдің үш ұлы бірдей әскерге кетіп қалған

Автор: Бақыт Шынар

Үш жігіт Гвардейск гарнизонында сап түзеп жүр

Фото: Қорғаныс министрлігі

Солтүстік Қазақстан облысындағы Тоқыш ауылында тұратын отбасының үш ұлы қатарынан әскерге кетіп қалған. Алексей мен артынан ерген Владимир мен Геннадий атты егіз бауыры Гвардейск гарнизонында борыштарын өтеп жүр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Бір үйдің үш ұлы бір айдан бері әскерде жүр. Келгендеріне бір ай ғана болса да, ерте тұрып, жаттығу істеп, бұйрықтарды орындап жүр. Қорғаныс министрлігі алдымен егіз ұлға шақырту жіберген. Ағалары да артынан өз еркімен әскерге аттанған», - деп хабарлайды Қорғаныс министрлігі.

Дереккөзге сүйенсек, Жирновтар отбасында алты бала бар көрінеді. Анасы Ирина Жирнова үш ұлын қатарынан әскерге жібергенде уайымға салынған. Алайда, қазір үйреніп, оларды күтіп отыр.