Мүфтият зейнет жасындағы кісілерді жаназа намазына қатыспауға шақырды

Автор: Azattyq Rýhy

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы коронавирус індеті кезінде жаназа намазы мен жерлеу рәсімін өткізуге қатысты мәлімдеме жасады.

Фото: ашық дереккөзден

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы еліміздегі карантин іс-шараларын сақтай отырып, індеттің алдын алу мақсатында ел азаматтарын жаназа намазы мен жерлеу рәсімін өткізуге қатысты талаптарды орындауға және дін қызметкерлеріне барынша қолдау көрсетуге шақырады.

  • Мәйітті жууды, кебіндеуді, жаназа намазын оқуды және қабірге қоюды санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сай өткізуге;
  • Жаназа намазына, жерлеу ісіне қатысатын адамдарға бетперде тағуға, қол алысып амандаспауға;
  • Жаназа намазын ұзағымен 5 минут ішінде өткізуге, мәйітті жерлеп болғаннан кейін халықты көп ұстамай лезде қайтаруға;
  • Зейнет жастағы кісілерге, денсаулығы нашар немесе ауырып жүрген адамдарға және мектеп жасындағы балаларға жаназа намазына қатыспауға;
  • Жаназа намазына және қабір басында барлық қатысушыларды қосқанда 10 кісіден артық жиналмауға;
  • Жаназа намазын қоғамдық орындарда өткізбеуге;
  • Қабір басын көтеру, кесене салу және оны қоршау жұмыстарын тоқтатып, марқұмның басына белгі қоюмен шектелуге;
  • Халықты жинап қонақасын өткізуді, жерлеу рәсімінен кейін ас беруді, жетісі, қырқы, жылы т.б. Құдайы астарды елімізде эпидемиологиялық жағдай толық тұрақталғанға дейін тоқтату ұсынылған.