«Сағат 23:59-дан кейін ештеңе өзгерте алмайсыз»: Ұлттық тестілеу орталығы түлектерге маңызды ескерту жасады (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

25 сәуір күні түнгі сағат 23:59-да өтініш қабылдау тоқтайды

Фото: istockphoto.com

Ұлттық тестілеу орталығы биыл негізгі ұлттық бірыңғай тест тапсыратындарға маңызды ескерту жасады: биыл ҰБТ тапсырғысы келетіндер 25 сәуір, түнгі сағат 23:59-дан кейін өтініш бере алмайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметіне сүйенсек, осы уақыт өткеннен кейін өтініш берген адамдар да тест өтетін орнын, тест тапсыратын күні мен уақытын өзгерте алмайды. Бірақ, таңдаған пәні мен тілін өзі тест тапсыратын күннен 24 сағат бұрын өзгерте алады.

Ұлттық тестілеу орталығының мәліметінше, бүгінге дейін 441 мыңнан астам адамнан биыл ҰБТ тапсыру туралы өтініш түскен.