$ 498.51  522.84  4.81
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
02.11.2019, 02:46
Қоғам

Сәбиінің жынысы өзгерген ана сотқа жүгінді

Миллионнан бір кездесетін жағдайға тап болған Мельниковтер отбасы баланың құжаттағы аты-жөні мен жынысын ауыстыру үшін сотқа келді

Сәбиінің жынысы өзгерген ана сотқа жүгінді

Алматы тұрғыны сәбиінің құжатын қыз деп өзгерткісі келеді. Перзентханадағылар нәрестені о баста ұл деп айтып, ата-анаға ер баланың куәлігін ұстатқан екен. Алайда, анасы шақалақтың уақыт өте келе қызға айналып келе жатқанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy КТК арнасына сілтеме жасап. 

Миллионнан бір кездесетін жағдайға тап болған Мельниковтер отбасы баланың құжаттағы аты-жөні мен жынысын ауыстыру үшін сотқа келді. Қателік жіберді деген күдікпен перзентхана қызметкерлері де сотқа шақыртылыпты.

Сөйтсе, дәрігерлердің еш кінәсі жоқ екен. Сегіз айлық сәби өте сирек кездесетін генетикалық дертке шалдыққан. Яғни, дүние есігін ашқанда шақалақ расымен ұл болған, бірақ толық емес. Мұндайды бұрын-соңды көрмеген дәрігерлер ақылдаса келе, нәрестені ұл деп жазыпты.

Ата-анасы да бұл шешіммен келісіп, балаға Максим деп ат қойған. Алайда, уақыт өте келе сырқатына байланысты гормондық дәрілер ішіп жүрген сәби қызға айналып, туыстары оны Анна деп атай бастапты. Генетикалық ауытқуы бар Анна толық қыз да емес. Сонда да ата-анасы сырқат сәбилерін ең болмаса, құжатта «қыз» деп көрсеткісі келеді екен.  

«Қыз туғаныма сенімдімін. Даусы, жылағаны, күлгені қызға ұқсайды. Құжаттан әбден қажыдық. Жедел жәрдем шақыртсақ, «Куәлікте ұл деп тұр, ұл қайда?» деп сұрайды. Осы түсінбеушіліктің кесірінен тегін медициналық көмек ала алмай келдік. Енді құжатымызды тезірек реттеп берсе деп сұраймыз», - дейді Кристина Бобенко.

Серіктес жаңалықтары