Қазақстанда екі күн ішінде екі донордан бірнеше ағза алынған

Операцияның бірі Астанада, екіншісі басқа өңірде өтті

Қазақстанда екі күн ішінде екі донордан бірнеше ағза алынған
Фото: Денсаулық сақтау министрлігі

Астанада 1981 жылы туған әйелдің миына қан шауып, аяқасты ажал құшқан. Ми өлімі тіркелгеннен кейін марқұмның туыстары қиын да жауапты шешім қабылдап, марқұм әйелдің ағзаларын донорға мұқтаж өзге адамдарға беруге келіскен. Сол арқылы ұзақ уақыттан бері орган кезегінде тұрған бірнеше адам үшін марқұмның жүрегі, өкпесі, бауыр және бүйрегі донор ретінде алынған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, мұндай  сипаттағы оталар жоғары деңгейдегі үйлестіруді қажет етеді. Сондықтан оған трансплантологтар, санитарлық авиация, жетекші клиникалар мен арнайы қызметтер жұмылдырылып, барлық жұмыс республикалық орталық арқылы орындалады.

Ал, денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, бұл жағдай жүйенің мүмкіндігін көрсетіп қана қоймай, медицина қызметкерлерінің кез келген жағдайда шұғыл әрекет етуге дайын екенін дәлелдегенін айтты. Одан бөлек, соңғы екі жылда трансплантация саласында оң өзгерістер байқалатынын да атап өтті.

Мәселен, 2023 жылы донорлыққа жарайтын 49 адам анықталса, 2025 жылы олардың саны 186-ға жеткен. Соның арқасында шамамен 200-ге жуық науқастың ағзасы ауыстырылып, өмірі құтқарылды.