Қазақстанда бес мыңға жуық адам донор кезегін күтіп жүр
Бұл көрсеткіш былтырдан бері бір деңгейде
Маңғыстау облысында Қазақстандағы ағза донорлығын дамытуға арналған көшпелі кеңес өтті. Талқылауға Денсаулық сақтау министрлігінің Трансплантация және жоғары технологиялық медициналық қызметтерді үйлестіру жөніндегі республикалық орталығының өкілдері қатысты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Кеңесте айтылғандай, қазір Қазақстанда 4,6 мың адам донор кезегін күтіп тұр. Былтыр да бұл көрсеткіш осы шамалас болған. Ал, 2023 жылы донорлыққа мұқтаж азаматтардың саны төрт мыңға жетпеген екен.
«Осындай жұмыс кездесулері бұған дейін Алматы, Шымкент және Ақтөбе қалаларында өткен және еліміздің басқа өңірлерінде жалғасып жатыр. Негізгі назар қайтыс болғаннан кейінгі (постмортем) донорлықты дамытуға аударылған, ол ағза трансплантациясы санын арттырудың негізгі көзі ретінде қарастырылады», - деп хабарлайды министрлік.