08.04.2026, 10:25
Қоғам

«Баршаңызды құттықтаймын!»: министр Жұлдыз Сүлейменова түн ішінде мұғалімдерден сүйінші сұрады (ВИДЕО)

Енді Қазақстандағы мұғалімдер өздері сабақ беретін пән бойынша тест тапсырмайды

«Баршаңызды құттықтаймын!»: министр Жұлдыз Сүлейменова түн ішінде мұғалімдерден сүйінші сұрады (ВИДЕО)
Фото: скриншот

Қазақстандағы пән мұғалімдері «педагогтердің білімін бағалау» тестілеуінен босады. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлбыз Сүлейменова мәлім етті, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Министр аймақтық білім басқармаларына тиісті хатты жібере сала, мұғалімдерден сүйінші сұраған.

«Құрметті ұстаздар. Сіздерге арналған сүйінші жаңалығым бар. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сай, «Педагогтердің білімін бағалау» тестті, яғни, ұстаздарымыздың пәндік білімін бағалау тестілеуі тоқтады. Өте жақсы болды! Президент сіздерге зор сенім артып, жанашырлық танытты. Баршаңызды құттықтаймын. Тиісті хат білім басқармаларына бүгін жолданды», - деді министр түнгі сағат 00.00 шамасында көлік ішіндегі видеосын жүктей отырып.