1,5 млрд теңгеге орындық алмақ болған Талдықорған әкімдігі тендерді тоқтатты

Қала әкімінің жауабы

1,5 млрд теңгеге орындық алмақ болған Талдықорған әкімдігі тендерді тоқтатты
Фото: ашық дерек көздерінен

Талдықорған әкімдігі жазғы бассейн жанына орнатылатын орындықтарға 1,5 млрд теңге ақша жұмсамақ болған, деп хабарлайды AtamekenBussiness телеаранасы. Барлығы 165 орындық. Демек, бір данасы 500 мың теңгеге шығады. Осыған байланысты қала тұрғындары әлеуметтік желілерде өздерінің наразылықтарын білдірген. Нәтижесінде, қала билігі бұл райларынан қайтып, бюджетті қысқарту туралы шешім шығарыпты. Шенеуніктердің пікірінше, бұған мемлекеттік қызметкерлер емес, жобаның сұлбасын сызған кәсіпкерлер кінәлі екен.

«Аталған жобаға жұмсалатын ақшаны барынша кемітетін болдық. Ол жаман орындықтарды қоя саламыз  деген сөз емес. Қайта керісінше, сапасы жақсы болады. Ешкім 500 мың теңгеге орындық жасатуға міндетті емес. Бұл жобаны жасаған азаматтарға сол кезде бұл ақшаның өте көп екенін ескерткенмін»,- деп түсіндірді Талдықорған қаласының әкімі Сайлауғали Байназаров.

 

×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.