2027 жылға дейін Экология министрлігі 2 млрд түп ағаш еккісі келеді
Үкімет пен жергілікті билік Қазақстанның елді мекендерінде 15 млн түп ағаш егіп бітті. Бұл - президенттің бес жылға арналған тапсырмасы еді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Экология және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, бес жылдағы тапсырма ерте орындалған және 15 млн емес, 18 млн түп көшет егілген.
«Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау аясында еліміздегі елді мекендерде 15 млн ағаш егу жөніндегі жоспар алдын ала орындалған. Іс жүзінде 18 млн көшет ектік», - дейді Орман және өсімдіктер әлемін өндіру және пайдалану басқармасының басшысы Азамат Әбуов.