$ 479.02  551.11  5.82
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 11:50
Қоғам

«Онда Жүсіп Баласағұннан бергі тарихты айтып отырайық»: «көп сөйлеген» депутат Дайрабаев Қошановтан сөз естіді

Мәжіліс спикері әріптестерін бос әңгімені көбейтпей, нақты ұсыныстар айтуға шақырды

«Онда Жүсіп Баласағұннан бергі тарихты айтып отырайық»: «көп сөйлеген» депутат Дайрабаев Қошановтан сөз естіді
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мемлекеттік қызмет туралы заң жобасын талқылау кезінде депутат Жигули Дайрабаевқа ескерту жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» заң жобасы қаралған. Құжатты талқылау барысында депутат Жигули Дайрабаев сөз алып, заң жобасын қолдайтынын айтқан.  

«Қазір мемлекеттік қызметте дұрыс жауап бермей, дұрыс сәлемдеспей қалса да, әлеуметтік желіде сын айтып, төпештеп жатады. Мемлекеттік қызметшілер де адам баласы, сондықтан біз оларды осы заңмен қорғап, мемлекеттік қызметтің абыройын арттырудың амалын жасауымыз керек. Сондықтан агенттік басшысы жасаған баяндамасын қолдаймын, заңды да қолдаймын. Екінші оқылымда ұсыныстарымызды тағы да қосамыз», - деді Дайрабаев.

Осы кезде Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов оған бір әңгімені қайталай бермей, нақты ұсыныстарға көшуді ескертті.

«Осы заң жобасы онсызда мемлекеттік қызметшілерді қолдауға бағытталған ғой. Бәрі қолдап отыр. Оны қайта қайта айта бергенде... Барлығымыз да қолдап отырмыз ғой осыны. Сондықтан басқа пікіпрлеріңіз болса айтыңыздар, құрметті әріптестер. Әйтпесе бір әңгімені сапыра бергеннен ештеңе шықпайды. Онда анау Жүсіп Баласағұннан бастап айтайық тарихты қазір», - деп ашуланып кетті спикер.