Әкімшілік рақымшылық: кімнің және қандай айыппұлы кешірілетіні екі апта ішінде белгілі болады
Бектенов нақты тапсырма берді
Бүгін үкіметтің жалпы отырысында премьер-министр Олжас Бектенов ішкі істер және әділет министріне Бас прокуратурамен бірлесіп, екі апта ішінде рақымшылық жасау тетіктері бойынша егжей-тегжейлі ұсыныс енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ішкі істер және Әділет министрліктері Бас прокуратурамен бірлесіп, екі апта ішінде рақымшылық жасау тетіктері бойынша егжей-тегжейлі ұсыныс енгізсін», - деді Бектенов үкімет отырысында.
Бектено еске салғандай, Әкімшілік істер бойынша рақымшылық туралы бастама ел тарихында алғаш рет қозғалып отыр.
«Жалпы бірқатар заңдар мен заңнамалық актілерді жаңа Конституцияға сәйкес келтіру қажет болады. Бұл туралы Әділет министрі толық баяндады, ұсыныстарын қолдаймын», - деді Бектенов.