Биыл Ораза айт 20 наурызда басталады
Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасы 2026 жылғы Айт намазының кестесін жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Сағындырған Рамазан айының да аяқталуына аз қалды. 20 наурыз – Ораза айт мейрамы. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы осы күні оқылатын Ораза айт намазының кестесін дайындады», - деп хабарлайды Мүфтият.
Айт намазы бірнеше өңірде 07.00-де, ал кейбір өңірде 08.30-да басталады.