Ал бір жылда 1414 телефонына 2 миллионан астам қоңырау түседі екен
Қазақстандықтар «Азаматтарға арналған үкіметтің» 1414 байланыс нөміріне сағатына 5 мың рет, ал бір күнде 70 мың рет қоңырау шалады екен, деп жазады Azattyq Rýhy.
Дереккөзге сүйенсек, азаматтар еліміздің түпкір-түпкірінен және әртүрлі мәселе бойынша қоңырау шалады.
Жалпы, былтыр қазақстандықтар 1414 нөміріне 25 миллионнан астам қоңырау түсірген екен. Бір айдағы қоңыраудың саны 2 миллионнан асады.