Конституция Орынқызы Таразда тұрады
Бұған дейін хабарлағынымыздай, Қазақстанда Конституция есімі бар бір азамат тұрады. Ол – Тараз қаласының тұрғыны Конституция Нартбаева екені белгілі болды, деп жазады Azattyq Rýhy
Жамбыл облысының Орталық коммуникациялар қызметі хабарлағандай, Конституция Нартбаева 1958 жылы туған. Ол өзінің атын жақсы көреді және оның тарихына ерекше көңіл бөледі.
«Өзімнің атым өзіме қатты ұнайды. Өз елімнің негізгі заңына қатысты есімім бар болған соң бүгінгі референдумға келу де мен үшін маңызды болды. Сондықтан, мен бүгін алғашқылардың бірі болып, референдумда дауыс бердім», - дейді Конституция Орынқызы.
Айта кетейік, Конституция Орынқызы 1958 жылы туған. Ол кезде жаңа туған балаларға саяси науқандарға қатысты есім қою сәнді болған. Қазақстанда Атазаң, Заң және Конституция деген есімдер бір-бір адамға қойылған. Тағы екі адамның Дауыс деген аты бар.