Маңғыстауда Қасым мен Жомарттың ата-анасы референдумда дауыс берді

Автор: Бақыт Шынар

Екі егіздің ата-анасы таңдайын жасаған

Фото: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

Маңғыстау облысында республикалық референдум күні Қасым және Жомарт есімді егіздердің ата-анасы өздерінің азаматтық борышын орындап, дауыс берді. Ерлі-зайыпты ел үшін маңызды саяси оқиғаға қатысу мақсатында референдум учаскесіне келді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Ерлі-зайыптының айтуынша, референдумға қатысу – әрбір азаматтың маңызды міндеті. Себебі мұндай шешімдер мемлекет болашағына және келер ұрпақтың әл-ауқатына тікелей әсер етеді.

«Екі егіз,  Қасым мен Жомарт – айналадағы адамдардың да назарын аударып, оқиғаға ерекше символикалық мән берді. Отбасы балаларын Отанға деген құрмет, ұлттық құндылықтарды қастерлеу және азаматтық жауапкершілік рухында тәрбиелеп отырғандарын айтты», - деп хабарлайды әкімдік.

Жалпы, өңір тұрғындары дауыс беру учаскелеріне белсенді келіп, жоғары азаматтық белсенділік танытқан. Балалы отбасылардың, жастар мен аға буын өкілдерінің қатысуы ел тағдырының әр жастағы азаматтарды алаңдататынын көрсетеді.