$ 491.29  562.92  6.1
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 19:01
Қоғам

Референдум және махаббат: тағы бір жігіт сүйіктісіне референдум учаскесінде ұсыныс жасаған

Жастар Ұзынағаш ауылында тұрады

Референдум және махаббат: тағы бір жігіт сүйіктісіне референдум учаскесінде ұсыныс жасаған
Фото: облыс әкімдігінің баспасөз қызметі

 

Алматы облысы Жамбыл ауданының орталығы Ұзынағаш ауылында тұратын Елжан Ерболұлы республикалық референдумға қатысып, өз таңдауын жасағаннан кейін болашақ қалыңдығына ұсыныс жасаған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy облыс әкімдігіне сілтеме жасай отырып.

Жас жігіт №1 мектеп-гимназиясының ғимаратында орналасқан №262 референдум учаскесінде дауыс бергеннен кейін іле-шала сол жерде сүйіктісіне сақина ұсынып, өмірлік серігі болуға шақырған.

«Бүгінгі күн мен үшін ғана емес, тұтас қазақ елі үшін ерекше мәнге ие күндердің бірі. Себебі мемлекетіміздің жаңа кезеңге қадам басуына негіз болатын маңызды шешім қабылданып жатыр деп есептеймін. Сондықтан мен бұл күнді әдейі таңдадым. Өйткені болашақ жарыма жасаған ұсынысым ешқашан ұмытылмайтын күндердің бірі болып қаларына сенемін», – деді ол.

Айта кетейік, бүгін Астанада жас жігіт референдумда дауыс бергеннен кейін сүйіктісіне тосын сый жасаған.

Мақалада

#референдум