Енелер мен келіндер ұлттық киім киген
Бүгін Ақтөбе облысында алпыс ене 60 келінін ертіп алып, референдум учаскесіне келген. Ұлттық киім киген аналар мен келіндер референдумда дауыс берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Ақтөбе облысының өңірлік коммуникациялар қызметі жазғандай, бұл бастама ұрпақтар сабақтастығы мен отбасылық бірліктің жарқын көрінісіне айналды.
«Ене мен келіннің қатар келіп, ел өміріндегі маңызды оқиғаға бірге қатысуы қоғамдағы ынтымақ пен жауапкершіліктің айқын белгісі болды. Дауыс беру учаскесіндегі көрініс ерекше әсер қалдырды. Мерекелік көңіл-күй, жылы жүздесу, шынайы күлкі мен қуаныш атмосфераны одан әрі жандандыра түсті», - деп жазады дереккөз.
Айта кетейік, бүгін референдум учаскелерінде әртүрлі қызық оқиғалар тіркелген. Мысалы, Астанада жас жігіт референдумда дауыс беріп шыққан сүйіктісіне ұсыныс жасаса, Маңғыстауда ұлттық киім киген робот референдумға келген халықпен «көріскен».