«Маңғыстау style»: Маңғыстауда ұлттық киім киген робот референдумға келген халықпен «көріскен»
Халық гуманоид роботты жан-жағынан тамашалап, суретке түскен
Ақтаудағы референдумға гуманоид робот келіп, сайлау учаскесі инновациялық сипат алды. Дауыс беруге келген адамдар роботпен көрісіп, оның өнерін тамашалады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy Маңғыстау облысы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
«Оқушылар сарайында» орналасқан сайлау учаскелеріне келушілердің көңілін көтерген робот Маңғыстау жұртына тән көрісіп, Амалмен құттықтады. Ұлттық киім киген роботқа қала тұрғындар риза болды.
«Референдум – саяси маңызы жоғары, өте салмақты өзгеріс. Осындай толқынысқа толы күні роботтың қазақ киімін киіп, би билегенін көргенде көңілің көтеріледі екен. Мұндай роботты алғаш көруім»,- дейді роботты тамашалаған халық.
Айта кетейік, өңірде 261 сайлау учаскесі жұмыс істеп тұр. Тұрғындар кешкі 20:00 дейін дауыс бере алады.