Референдум-2026: Ақтөбе, Ақмола және Түркістан облысының тұрғындары аса белсенді

Автор: Бақыт Шынар

Сағат 12.00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда 4 миллионнан астам адам референдумға келген 

Фото: Ақорда

Орталық референдум комиссиясының мүшесі Әсел Жанәбілованың сағат 12.00-дегі мәліметіне сүйенсек, қазақстандықтардың 37,54 % референдумға қатысқан , деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың аумақтық комиссиялары ұсынған деректерге сәйкес сағат 12.00–дегі жағдай бойынша референдумға Ақтөбе, Ақмола және Түркістан облыстары белсенді ат салысып жатыр.

Орталық референдум комиссиясының мәліметіне сүйенсек, аймақтардағы көрсеткіш мынандай:

  • Абай облысы 41,93 %
  • Ақмола облысы 44,66 %
  • Ақтөбе облысы 45,73 %
  • Алматы облысы 40,41 %
  • Атырау облысы 42,29 %
  • Батыс Қазақстан облысы 36,59 %
  • Жамбыл облысы 35,86 %
  • Жетісу облысы 43,32 %
  • Қарағанды облысы 42,95 %
  • Қостанай облысы 37,10 %
  • Қызылорда облысы 43,18 %
  • Маңғыстау облысы 34,57 %
  • Павлодар облысы 36,57қ %
  • Солтүстік Қазақстан облысы 41,64 %
  • Түркістан облысы 44,13 %
  • Ұлытау облысы 36,59 %
  • Шығыс Қазақстан облысы 42,88 %
  • Астана қаласы 31,23 %
  • Алматы қаласы 14,85 %
  • Шымкент қаласы 42,59 %.

«Жалпы, сағат 12.00-дегі жағдай бойынша республиканың 4 677 595 азаматы бюллетень алды. Ол тізімге енгізілген азаматтардың 37,54 % құрады.  Азаматтардың уақытша болу орындарындағы 106 учаскеде дауыс беру аяқталды. Дауыс беру учаскелеріне келу туралы келесі ақпарат жергілікті уақыт бойынша 14.00-де беріледі», - деп хабарлады Әсем Жанәбілова.