Референдум өте жоғары деңгейде өтіп жатыр – шымкенттік бақылаушы
Барлығы заң аясында жүріп жатыр дейді ол
Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданындағы №111 дауыс беру учаскесінде референдум өте жоғары деңгейде ұйымдастырылған. «AMANAT» партиясы атынан бақылаушы болып отырған Динара Өтебаева осындай пікір білдірді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Таңғы сағат алтыда учаскеге келгенімде комиссия мүшелерінің барлығы өз орнында болды, дайындық жұмыстары толық жүргізілгені байқалды. Ұйымдастыру деңгейі өте жоғары, барлық рәсім заң талаптарына сәйкес орындалды. Дауыс беру процесі уақытылы басталып, тұрғындар белсенді қатысып, өз таңдауын жасап жатыр. Халықтың көңіл күйі тамаша, азаматтар референдумға жауапкершілікпен қарағаны қуантады», - дейді ол.
Өтебаева референдум учаскесінің дайындығына жоғары баға берді.
«Бақылау барысында қандай да бір заң бұзу немесе жанжал тудырған жағдайлар тіркелген жоқ. Барлығы заң аясында, тыныш өтіп жатыр», - деп атап өтті бақылаушы.