Қазақстанда жарты миллионға жуық әйелдің қай салада жұмыс істейтіні белгілі болды

Автор: Бақыт Шынар

Қазір 492 938 педагог әйел бар

Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Қазақстанда 492 938 мың педагог әйел бар. Халықаралық әйелдер күні қарсаңында Оқу-ағарту министрлігі білім беру саласында жұмыс істейтін әйелдердің статистикасын ұсынды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Министрліктің мәліметіне сүйенсек, осы 492 мың педагогтің ең көбі 342 352-сі мектепте жұмыс істейді. Тағы 101 мыңнан астамы балабақшаларда жұмыс істейді.

Қалған педагогтер колледжд, арнайы білім беру ұйымдары мен түзету-білім беру ұйымдарында жұмыс істейді. Жалпы, Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, Қазақстандағы барлық педагогтердің 81,9 пайызы әйел адамдар.