«Ұлттық ұланның» әншілері автобустағы қыз-келіншектерге ерекше сыйлық жасады (ВИДЕО)

Автор: Бақыт Шынар

Сондай-ақ олар Астанадағы әртүрлі орындарға барып, әйелдерге ілтипат танытқан

Фото: Ұлттық ұлан

«Ұлттық ұланның» аңызға айналған Ерлер хоры Астанадағы әртүрлі нысандарда жұмыс істейтін нәзік жандыларды, ойын-сауық орталықтары мен автобустағы қыз-келіншектерді 8 наурыз – Халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтап, ерекше сый жасады, деп жазады Azattyq Rýhy.

Олар автобустағы әр әйелге гүл беріп, әдемі ән арнады. Ойын-сауық орталықтарын аралап жүрген әйелдердің көңілін көтеріп, ән салды.

«Музыкалық тосынсый жолаушылардың ерекше ықыласына бөленді. Хордың орындауындағы «Сұлу қыздар» әнін көпшілік жылы қабылдады. Қойылым кезінде ұландықтар нәзік жандыларға гүл сыйлап, келе жатқан мерекелерімен құттықтады», - деп хабарлайды Ұлттық ұланның баспасөз қызметі.