$ 509.51  570.6  6.3
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
01.11.2019, 09:41
Қоғам

Оралда тұрмысы төмен 200-ден астам отбасы бюджетке 19 млн теңге қайтаруы керек

254 адам-атаулы әлеуметтік көмек алушылар жәрдемақы тағайындау туралы тоқсандық тексеруден кейін оларды кері қайтару туралы хабарлама алды, деп хабарлайды Орал апталығы

Оралда тұрмысы төмен 200-ден астам отбасы бюджетке 19 млн теңге қайтаруы керек
Фото: ашық дереккөзден

Атаулы әлеуметтік көмектің шартсыз және шартталған екі түрі бар. Шартсыз 6 айға, ал шартты 12 айға беріледі. АӘК қанша айға тағайындалғанына қарамастан, табысы, отбасының құрамы және алушылардың мүлкі тоқсан сайын қайта қаралып отырады.

«Бұл АӘК тағайындалса, жыл бойы отбасы жәрдемақы алады деген сөз емес. Есептеу ережесіне сәйкес тоқсан сайын тексеру жүреді. Сондай – ақ, ереженің негізінде, егер алушының отбасында есептеуге әсер ететін қандай да бір өзгерістер болса, бұл баланың тууы, жұмысқа шығуы, көшуі немесе тағы бір нәрсе болуы мүмкін, жұмыспен қамту бөліміне келіп, бұл туралы мәлімдеу қажет. Егер отбасы бұл туралы айтпаса немесе өзінің қосымша табысын жасырса, онда көмек тоқтатылады және ақша бюджетке қайтарылады», - дейді Әсия Құрманқұлова.

Құрманқұлованың айтуынша, биылғы жылдың 1 қазанынан бастап кедейлік шегі төмендеп, 19 893 теңгені құрады, бұған дейін ол 20 789 теңгені құрады.

Кұрманкұлова, сондай-ақ отбасына тоқсан сайын АӘК қайта есептеу кезінде бұл хабарлама беріледі деді. Бір ай ішінде алушылар көрсетілген соманы ерікті түрде өтей алады, егер қайтармаса, онда іс сотқа беріледі.

Бүгінгі күні 2 миллион 100 мың теңге қалалық бюджетке қайтарылып, 254 адам жалпы сомасы 19 миллион 97 теңгеге хабарлама алған.

Серіктес жаңалықтары