Олар оны колонияның аумағынан тыс жерде ғана пайдалана алады
Ішкі істер министрлігі қауіпсіздігі барынша төмен түрмелердегі сотталған азаматтарға колонияның аумағынан тыс жерде ұялы телефон пайдалануға рұқсат беру туралы бұйрық жобасын ашық талқылауға шығарды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұйрықтың жобасы «Ашық нормативтік құқықтық актілер» порталында жарияланған. Айта кетейік, Қазақстанда абайсызда қылмыс жасаған, бірінші рет жеңіл қылмыс жасаған адамдар жазасын өтейді. Бұндай колониялардың ережесі басқа түрмелерге қарағанда жеңілдеу. Яғни, азаматтар колония аумағынан қалаға сұранып шыға алады, туыстарының жанына барып тұра алады, колония аумағында кәдімгі киім кие алады.
Енді ішкі істер министрлігі бұндай колониядағы сотталғандарға колония аумағынан шыққанда смартфон пайдалануға рұқсат бергісі келеді.
Қағидаларға әртүрлі негіздер бойынша өзгерістер көзделген. Соның ішінде:
Бұйрық жобасы 11 наурызға дейін талқыланады.