ҚТЖ Астанадан жан-жаққа қатынайтын пойыздарға қосымша 6 мың орын ашады
«Жолаушылар тасымалы» 8 наурыз мерекесі қарсаңында Астанадан жан-жаққа қатынайтын пойыздардан алты мың жаңа орын ашады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметі таратқан ақпаратқа сүйенсек, қосымша вагондар тек Астанадан ғана қатынайды.
«Бұл шешім жалпы саны 122 тіркемелі вагон қосылып, шамамен 6 мыңға жуық жолаушыны қосымша тасымалдауға мүмкіндік береді. Қосымша вагондар Астанадан Алматы, Шымкент, Ақтөбе, Өскемен және өзге де қалаларға қатынайтын сұранысы жоғары бағыттарда жүреді», - деп хабарлайды «Жолаушылар тасымалының» баспасөз қызметі.
Айта кетейік, бұған дейін біз Наурыз мерекесіне орай Қазақстанда қосымша вагондар жолға шығатынын жазған едік.