Бұл туралы премьер-министр Олжас Бектенов депутаттық сауалға жауап бере отырып мәлімдеген
Биыл, 2026 жылдың қаңтар айында үкімет курс сататын блогерлерге қатысты жаңа түзетулер енгізіп, заң жобаларын мүдделі мемлекеттік органдарға жіберген. Ол ережелер күшіне енсе, қандай да бір салада білім бергісі келген сарапшы блогерлер білімін растайтын диплом көрсетуге міндетті болады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы Сенат депутаттарының депуттық сауалына жауап бере отырып, премьер-министр Олжас Бектенов мәлім еткен.
Жалпы, әлеуметтік желідегі заңсыз әрі зиянды контентті жою, оны салған адамдардың жауапкершілігі туралы жазылған депутаттық сауалда бірнеше мәселе қозғалған.
Соның ішінде, «ақпарат саласында киберқауіпсіздікті күшейту бағытында» үкімет дәл қазір қандай жұмыс атқарып жатқанын айту үшін Бектенов былай деп жауап жазған:
«Қазір «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне онлайн-платформалар және масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобалары әзірленді. Аталған заң жобаларына бірқатар жаңа нормалар енді», - деп жазған Бектенов.
Ол жаңа ережелер күшіне енсе:
«Биыл қаңтар айында заң жобалары Қазақстан Республикасы Үкіметінің заң шығару жұмысының қағидаларына сәйкес мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберілді», - деп жазған премьер-министр өз жауабында.
Жуырда үкімет заң жобаларын мүдделі мемлекеттік органдарға келісуге жіберген.