Бұл лауазым көбіне СҚО, Ақмола, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында бос
Қазақстанда 490 мектеп директоры лауазымы бос тұр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy оқу-ағарту министрлігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Солай бола тұра, мектеп директоры болғысы келген ұстаздардың 80 пайызы дерлік тест тапсыра алмаған екен.
«Мектеп басшылары әсіресе, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды обыстарында жетіспей жатыр. 2025 жылы директорлыққа үміткерлердің тек 21%-ы ғана тестілеуден өткен», - деп хабарлайды министрлік.
Сондықтан, оқу-ағарту министрлігінде өткен жиында директорлар жетіспейтін өңірлерге білікті мамандарды басқа аймақтардан тарту тетіктерін қарастыру мәселесі сөз болған.
Айта кетейік, белгілі болғандай, Қазақстанда нақты ғылымдар бойынша сабақ беретін мұғалімдердің жартысынан көбі тиісті тестілеуді тапсыра алмаған.