Күдіктілер қамауда отыр
Павлодар облысының прокуратурасы әртүрлі саладағы заң бұзу фактілері мен олардың зардаптары туралы ақпарат берді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy
Айта кетейік, бұл фактілердің бәрі былтыр, яғни, 2025 жылы тіркелген. прокуратураның мәліметіне сүйенсек, былтыр прокуратура мемлекеттік сатып алу саласында 32 млрд теңгені, 24,1 млрд теңге бюджет қаражатын үнемдеген.
Бұдан бөлек, құны 6,5 млрд теңгенің мүлкі қайтарылған және 1 млрд теңге көлемінле айыппұл төленген. Бюджет қаражатын жұмсау кезінде орын алған барлық ұрлық пен қызметтік өкілеттіктерді теріс пайдалану фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеулер басталған.
«Мысалы, Ақсу қаласы Құрылыс бөлімінің бұрынғы басшысы әлеуметтік осал топтағы азаматтар үшін аяқталмаған пәтерлерді сатып алғаны үшін 2 жылға бас бостандығынан айырылды. Оның алдындағы басшыға және мердігерге қатысты көппәтерлі тұрғын үй құрылысы кезінде орындалмаған жұмыстар үшін 451 млн теңге төлеу фактілері бойынша тергеу жүріп жатыр. Цифрландыру саласында, оның ішінде ауылдық жерлерді интернетпен қамтамасыз ету барысында 150 млн теңге жымқырылған», - деп хабарлайды Павлодар облысының прокуратурасы.
Осы іс бойынша күдіктілер қамалған, қазір тергеу жүріп жатыр.