$ 505.17  599.54  6.59
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 12:31
Қоғам

«ҚазАвтоЖол» шұрық-тесік жолдар үшін уақытша ақы алмайтын болды

 Бұл туралы компанияның баспасөз қызметі хабарлады

«ҚазАвтоЖол» шұрық-тесік жолдар үшін уақытша ақы алмайтын болды
Фото: istockphoto.com

«ҚазАвтоЖол» шұрық-тесік аумағы бар кейбір ақылы жолдар үшін уақытша ақша алмайтын болды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«ҚазАвтоЖол» мен «Жол активтері сапасының ұлттық орталығының» мамандары бар комиссия республикалық маңызы бар кейбір ақылы автомобиль жолдары учаскелерінде жол қозғалысының қауіпсіздігіне әсер ететін ақауларды анықтады. Осыған байланысты Көлік министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті сапасы нашар жолдардың жекелеген бөліктерінде уақытша ақша алмайды», - деп хабарлайды «ҚазАвтоЖол».

Дереккөзге сүйенсек, 14 ақылы жолдағы сапасы нашар жерлердің жалпы аумағы 1 100 000 м2. 2026 жылдың 29 қаңтарынан бастап осы жолдар жөнделгенге дейін ақы алынбайды. Жалпы, компанияның мәліметіне сүйенсек, мына жолдардың кейбір бөліктерінен кінәрат табылып отыр: 

  • Көкшетау – Петропавл

  • Павлодар – Семей – Қалбатау

  • Павлодар – Омбы

  • Астана – Теміртау

  • Алматы – Қонаев

  • Қонаев – Талдықорған

  • Шымкент – Қызылорда

  • Орал – Самара

  • Орал – Саратов

  • Астана – Павлодар

  • Қызылорда – Арал

  • Ақтөбе – Орынбор

  • Қостанай – Троицк

  • Тараз – Қайнар