Үш күн ішінде заңсыз айналымнан 31,5 мыңнан астам дәрі-дәрмек тәркіленді - ІІМ
Министрдің айтуынша, жеке клиникалар мен дәріхана қызметкерлері дәрі-дәрмектерді заңсыз сатқан
5 шілдеден бастап полиция дәрі-дәрмектердің жасанды тапшылығына қатысы бар адамдарды анықтау және ұстау және оларды жоғары бағамен заңсыз сату бойынша іс-шаралар жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Үш күн ішінде полиция қызметкерлері жеке тұлғалар тарапынан алыпсатарлық әрекеттердің көптеген фактілерін анықтады. Бұдан басқа, құқыққа қарсы қызметте жеке клиникалар мен дәріханалардың пайдакүнем қызметкерлері қолға түсті. 5-7 шілде аралығында полицияға 64 адам жеткізілді.
«Статистика қандай жағымсыз болғанымен, бірақ дәрі-дәрмектерді заңсыз сатудың әрбір төртінші жағдайына жеке медициналық және фармацевтикалық ұйымдардың қызметкерлерінің қатысы бар. Азаматтар тарапынан берілген сенімді пайдалана отырып және дәрілік заттарға қол жеткізе отырып, олар дәрілерді өз бетінше және делдалдар арқылы жоғары бағамен сатты. Мұндай пайдакүнем қызметкерлердің іс – әрекетіне байланысты азаматтарға елеулі материалдық залал келтірілген», – деп хабарлады Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев.
Сонымен, Нұр-Сұлтан қаласында жеке меншік фармацевтикалық компаниялардың бірінің қызметкері ұсталды, ақырғыдан жалпы сомасы 480 мың теңгеге 500-ге жуық вирусқа қарсы дәрі-дәрмектер тәркіленді.