ШұғылҚазақстанда бір тәулікте 820 адам коронавирус жұқтырған

Ерлан Тұрғымбаев «ұшақпен вирус шашу» туралы хабарламаларды жоққа шығарды

ІІМ басшысы азаматтарды жалған ақпарат таратпауға шақырды

Фото: polisia.kz

Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев Интернет желісінде жалған ақпарат таратуға қатысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy тілшісі polisia.kz-ке сілтеме жасап.

«Құқыққа қарсы әрекеттерді анықтау мақсатында ішкі істер органдары жүргізген әлеуметтік желілердің күн сайынғы мониторингі соңғы уақытта жалған ақпараттың таралуы жиілеп кеткенін көрсетті. Біз басқа мемлекеттік органдармен бірлесіп әрбір осындай хабарламаны тексереміз», - деді министр. 

Оның айтуынша, жеке тұлғалар елдегі эпидемиологиялық жағдайдың өзекті тақырыбын аудиторияның назарын аудару үшін пайдаланады.

«Мен азаматтарды мемлекеттік органдардың ресми деректеріне ғана сенуге, арандатуларға ұшырамауға және жалған ақпаратты таратпауға шақырамын. Осы және басқа да ұқсас фактілер бойынша ІІМ Тергеу департаменті ҚР Қылмыстық кодексінің 274-бабы «Біле тұра жалған ақпарат тарату ю» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады, оның санкциясы айыппұл, түзеу жұмыстары, жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе айыру түріндегі жазаны көздейді», – деп атап өтті министр.