02.02.2026, 15:30
Қоғам
Қазақстан халқының саны 20,5 миллион адамға таяды
Ұлттық статистика бюросы тың мәлімет жариялады
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев
Ұлттық статистика бюросының есебіне сәйкес, 2026 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының саны 20 495 975 адамға жеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Халқы екі миллионнан асатын екі өңір тіркелді. Олар:
- Алматы қаласы — 2 347 924 адам
- Түркістан облысы — 2 148 658 адам
Халқы бір миллионнан асатын өңірлер:
- Астана қаласы — 1 638 233 адам
- Алматы облысы — 1 596 331 адам
- Шымкент қаласы — 1 293 648 адам
- Жамбыл облысы — 1 215 373 адам
- Қарағанды облысы — 1 131 287 адам
Ең аз халық саны Ұлытау облысында тіркелген — 218 993 адам.
Халықтың көші-қон есебінен азаюы Жамбыл, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында, сондай-ақ Абай, Жетісу және Ұлытау облыстарында байқалған.
Қазақстанда қалада тұратын адамдардың саны 13 029 803, ал ауыл халқының саны 7 466 172 адамға жеткен.
Көп оқылған
02.11.2026, 13:43
Үш баласы мектепке бара алмай отыр: Алматыда көпбалалы әскери қызметкерді жұмысынан қуып жіберген
02.11.2026, 15:10
Каспий теңізіндегі трагедия: Бектенов Қорғаныс министрлігінің кемшіліктерін тізбектеп шықты
02.11.2026, 12:59
Атырауда бір топ ер адам экстремистік топ құрып, Конституция негіздерін күшпен өзгертпек болған (ВИДЕО)
02.11.2026, 16:21
«Соқырішегі жарылайын деп тұр»: Ақтауда дәрігер мен оған шабуыл жасаған ер адам оқиғаның қалай болғанын айтты (ВИДЕО)
Редактордың таңдауы
15.10.2026, 19:19
Қазақстан мен Әзербайжанды жалғайтын суасты байланыс желісі іске қосылды