Бүгін, 13:09
Қоғам
Астанада қызылшаға қарсы екпе алмаған балалар ауруханаға жата алмайтын болды
Қалада қызылша өрши бастаған
Фото: freepik.com
Астана қаласының Бас мемлекеттік санитар дәрігері Айгүл Шағалтаева қызылша ауруының талдауына қатысты жағдайды талдай отырып, бірнеше тапсырма берген, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Соның ішінде, ол Астана қаласының Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысына мынандай тапсырма берген:
- 18 жасқа дейінгі балалар мен жасөспірімдердің қызылшаға қарсы егілу деңгейіне талдау жүргізіп, ата-аналардың (заңды өкілдерінің) келісімін алғаннан кейін екпе алмаған балалар мен жасөспірімдерге қосымша иммундау жүргізу;
- 55 жасқа дейінгі медициналық қызметкерлер арасында қызылшаға қарсы егілу мәртебесіне талдау жүргізу; вакцинациясы жоқ немесе егілу мәртебесі белгісіз болған жағдайда, келісімін ала отырып, оларға да қызылшаға қарсы екпе салу;
- Ата-аналардың (заңды өкілдердің) келісімін алғаннан кейін, 6 айдан 10 ай 29 күнге дейінгі балаларға қызылшаға қарсы қосымша екпе салу;
- 1 жаста және 6 жастағы нысаналы жас топтарындағы балаларды қызылша, қызамық және паротитке қарсы профилактикалық егулермен қамтудың оңтайлы деңгейіне қол жеткізуді:
- Жоспарлы түрде ауруханаға жататын балаларды тек қызылшаға қарсы екпесі болған жағдайда ғана жатқызу;
- қызылша ауруының мәселелері бойынша әкімдік жанындағы қалалық штабтың отырыстарын апта сайынғы негізде өткізу.
Астана қаласы Бас санитар дәрігері анықтағандай, соңғы 3 апта ішінде қалада 403 адамнан қызылша табылған. Осы адамдардың 96% 14 жасқа толмаған балалар.
Көп оқылған
01.02.2026, 13:50
Павлодарда салынып жатқан көпір бір тәулікте екінші рет өртенді
01.02.2026, 07:08
Жанабыловтар ісі ушыға түсті: блогерлер 7 жылға сотталуы мүмкін
01.02.2026, 17:16
Қазақстанның 15 облысында дауылды ескерту жарияланды
Бүгін, 00:22
Бурабайда жұмысшы иттің орнына әріптесіне оқ атты
01.02.2026, 08:31
Бүгіннен бастап сыра қымбаттайды