Іргелі ғылымдар жеке-жеке оқытылуы тиіс деп санайды министр
Қазақстанда мектеп пәндері біріктірілмейтін болды. Бұл туралы оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
2025 жылы алқа отырысында бірқатар пәнді біріктіру туралы шешім қабылданған болатын.
«Физика, химия және биология пәндерін «Жаратылыстану ғылымдары» курсына, алгебра мен геометрияны «Математика» пәніне, сондай-ақ дүниежүзі тарихы мен құқық негіздерін «Әлеуметтік ғылымдар» курсына біріктіру жоспарланған еді. Алайда бұл реформа тоқтатылды. Біз іргелі ғылымдар жеке-жеке оқытылуы тиіс деп есептейміз. Бұл шешім мұғалімдерге түсетін оқу жүктемесіне де тікелей байланысты. Осыған орай мәселе педагогика қауымдастығымен талқыланып, қосымша талдау жасалды», - деді Сүлейменов Үкіметте өткен баспасөз мәслихатында.
Министр атап өткендей, балалар цифрлық әлемде іргелі пәндерді терең меңгеруі үшін осы реформаны тоқтату туралы шешім қабылданған.
«Апробация жүргізілгенімен, барлық пән бұрынғыдай жеке оқытылады, пәндерді біріктірілмейді», - деді Сүлейменова.