«Фаст-фуд жеп, энергетик ішіп жүр»: Бектенов 1 ақпаннан басталатын шұғыл тексеру туралы еске салды
Қауіпті жағдайға бүкіл қоғам болып тойтарыс беруіміз керек деп санайды премьер
Премьер-министр Олжас Бектенов балалар мен жасөспірімдердің фаст-фуд өнімдеріне тәуелді болып бара жатқанына алаңдаушылық білдіріп, Денсаулық сақтау министрлігіне мұны тоқтатуды тапсырды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Ақмарал Шәріпбайқызы, балалардың ішіп-жейтін тамағы – маңызды мәселе. Бізде өкінішке қарай, балалар мен жасөспірімдердің көбісі фаст-фудқа, сосын энергетикалық сусындарға құмар. Тіпті кей кезде оған тәуелді болып қалады. Осы қауіпке бәріміз бүкіл ел болып, қоғам болып тойтарыс беруіміз керек. Бұл – өте қауіпті жағдай. Ұсыныс енгізіңіздер», — деді Бектенов Үкімет отырысында.
Премьер-министр 1 ақпаннан бастап барлық мектепте «тосыннан тексеру» қағидаты бойынша ерекше бақылау мен қадағалау жүйесі енгізілетінін еске салды. Тексерістер балаларды сауықтыру, олардың қауіпсіздігі мен тамақтану мәселелеріне қатысты болады.