$ 502.27  597.15  6.57
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 13:39
Қоғам

Түркістан облысындағы 70 мектептің асханасы балалар үшін қауіпті болған

Прокуратура олардың елуіне тәртіп орнатқан

Түркістан облысындағы 70 мектептің асханасы балалар үшін қауіпті болған
Фото: istockphoto.com

Түркістан облысының прокуратурасы санитарлық талаптарды бұзған 70 мектептің асханасына талдау жүргізді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Прокуратураның мәліметіне сүйенсек, бұл мектептердегі асханаларды мемлекеттік-жекешелік әріптестік аясында кәсіпкерлер жалға алған. Облыстың прокуратурасы тексеру қорытындысынан кейін облыс әкімдігіне акт жіберген.

Сол құжаттың негізінде 50 білім беру мекемесі санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қорытындысын алып, соның арқасында 12 184 бала дұрыс тамақтанатын болған.

«Ал, прокуратура тәртіп бұзған әкімшіліктер мен кәсіпкерлерге қатысты 81 хаттама толтырып, 7,3 млн теңгеге айыппұл салған», - деп хабарлады Түркістан облысының прокуратурасы.

Айта кетейік, бүгін Үкімет отырысында премьер-министр Олжас Бектенов 1 ақпаннан бастап санитарлық-эпидемиологиялық қызметтер мектептерді ескертусіз тексеретінін еске салды.

Мақалада

#мектеп #асхана