26.01.2026, 09:24
Қоғам
Марқұм Асанәлі Әшімовтің отбасы тағы да қара жамылды (ВИДЕО)
Оның келіні де дүние салды
Фото: facebook.com/Aidar.Kyrykbaiyly
2025 жылдың соңында, 21 желтоқсан күні 89 жасында өмірден озған атақты актер Асанәлі Әшімовтің отбасы тағы бір жақынынан айырылып қалды. Халық әртісінің келіні Селімхан Ізімқызы дүние салды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Бұл туралы қоғам белсендісі Айдар Қырықбаев жазған.
«Қазақтың аңыз тұлғасы Асанәлі Әшімовтың келіні, Сағи Әшімовтың жұбайы Селімхан Ізімқызы өмірден озды», - деп жазған Айдар Қырықбаев.
Естеріңізге сала кетейік, Халық әртісі Асанәлі Әшімовтің ұлы, актер Сағи Әшімов 1999 жылы өмірден озған еді. Аңыз тұлғаның өзі 2025 жылдың 21 желтоқсанында о дүниеге аттанды.
Көп оқылған
13.06.2026, 14:57
БҚО-да жол талғамайтын көлік жыраға құлап кетті
13.06.2026, 11:36
Астана маңындағы бекетте полицияның қызметтік иті ірі көлемде есірткі тапты (ВИДЕО)
13.06.2026, 11:27
Шымбұлаққа көлікпен кіруге қойылған шектеу заңсыз деп танылды
13.06.2026, 10:58
«Қымбат пәтерлерге бронь алған»: Семейде үлескерлерді алдаған «Dala-SK» құрылыс компаниясының иелері сотталды
13.06.2026, 11:10
Қызыл, сары, көк: Астана әкімдігі туристерге арналған арнайы жол картасын сата бастады
13.06.2026, 10:43
Астанада Орталық Азиядағы Цзянсу провинциясының орталығы ашылды