Оған прокуратура мен меценаттар үш бөлмелі пәтер сыйлаған
Жетісу облысында шартты түрде мерзімінен бұрын түрмеден босап шыққан алты балалы әйелді бостандықта ерекше сый күтіп тұрған – оған меценаттар үш бөлмелі жер үйді сыйға тартқан, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Жетісу облысының прокуратурасы хабарлағандай, аймақтағы құзырлы орган бостандыққа шыққан адамдардың өмірге бейімделуіне ерекше мән береді.
«Аудан прокуратурасының меценаттармен белсенді өзара іс-қимылының нәтижесінде алты бала тәрбиелеп отырған көпбалалы ананың өмірлік маңызды мәселесі шешілді. Шартты түрде мерзімінен бұрын босап шыққан әйелге үш бөлмелі тұрғын үй берілді. Отбасын тұрақты баспанамен қамтамасыз ету кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғауға және ананың қоғамға сәтті бейімделуіне негіз болды», - деп сенеді прокуратура.
Бұдан өзге, аймақта шартты түрде бостандыққа шыққан тағы бір азамат мемлекеттен грант алып, жеке кәсібін бастаған.