$ 503.35  590.63  6.62
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
23.01.2026, 09:35
Қоғам

Бас прокуратура «1414» нөмірін алаяқтардан әрең дегенде «тартып алды»

Енді алаяқтардан бұл нөмірден SMS жібере алмайды

Бас прокуратура «1414» нөмірін алаяқтардан әрең дегенде «тартып алды»
Фотоколлаж: Azattyq ruhy/Әбілқасым Есентаев

Енді «1414» нөмірінен SMS-код жібергісі келетін меморганның өкілі өзінің жеке басын FaceID, электронды цифрлы қолтаңба немесе eGov QR арқылы растау керек. Бұл қызметтерге қосылмаған жүйелер «1414» нөмірінен хат жібере алмайды, деп жазады Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Қазақстанның Бас прокуратурасы хабарлады. Осылайша, алаяқтықпен күресті күшейту жолында Бас прокуратура «1414» нөмірін алаяқтардан әрең дегенде «тартып алды» деуге болады. Себебі, бұрын алаяқтар «1414» нөмірінен хат жіберіп, халықты алдайтын еді.

Әрине, Бас прокуратура алаяқтар әлі де бұрынғы схемаға сай алдымен қандай да бір мемлекеттік органның атынан телефон соғып, екінші қоңырауды полиция не ұлттық қауіпсіздік комитетінен «жіберіп», артынша телефонына келген коды арқылы адамдардың жеке шотындағы ақшасын алып алатын немесе олардың атына несие рәсімдеуге тырысатынын айтып отыр.

Сондықтан, прокуратура тағы да ескертеді:

  • мемлекеттік органдар мен банктер ешқашан SMS-тен бір реттік кодтарды, карта деректерін немесе парольдерді сұрамайды;
  • ақша аударуға арналған «қауіпсіз шоттар» жоқ.

Егер қандай да бір күдікті қоңырау түссе, бірден тұтқаны қойып, сол органның ресми нөмірлеріне хабарласқан дұрыс.