«Жолаушылар тасымалына» 865 млн теңге көлемінде айыппұл салынды

Автор: Azattyq Rýhy

Ескеретін бір жайт, сот шешімі әлі заңды күшіне енген жоқ

фото temirzholy.kz

Бәсекелестікті қорғау және дамыту комитеті «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ға қатысты тергеп-тексеру нәтижелері бойынша ақпарат берді.

«Монополияға қарсы орган «Жолаушылар тасымалы» АҚ жол жүру құжаттарын (билет) қайтару кезінде үстемдігін теріс пайдаланып, 1000 теңге ұстап қалу фактілерін анықтады. Нұр-Сұлтан қаласы мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының 2019 жылғы 15 қазандағы қаулысымен «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ны құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, 865 млн теңге көлемінде айыппұл салды», - делінген комитет хабарламасында.