Әуе кемесі жолдан шығып кеткен
Алматыдан Атырауға ұшып келген FlyArystan ұшағы әуежайға қонғаннан кейін тұраққа қарай бара жатқанда жолақ шетінен шығып кеткен, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Оқыс оқиға 2026 жылғы 14 қаңтарда Атырау әуежайында болған.
«Алматы – Атырау бағыты бойынша FS7202 рейсін орындаған ұшақ сәтті қонып, ұшу-қону жолағын босатқаннан кейін, тұраққа қарай қозғалу барысында төмен жылдамдықпен әуе кемелерінің жолағы шегінен шығып кеткен. Әуе кемесінің бортында болған 166 жолаушы мен экипаж мүшелері зардап шеккен жоқ», - деп мәлімдеді FlyArystan әуе компаниясының баспасөз қызметі.
Әуе компаниясы оқиғаны белгіленген тәртіппен тергеу үшін әуежай қызметтерімен және авиациялық билік органдарымен бірлесе жұмыс істеп жатыр.