$ 510.95  594.49  6.5
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
Бүгін, 11:00
Қоғам

FlyArystan ұшақтары да Иранды айналып ұшатын болды

Өзгерістер әзірге екі рейске қатысты

FlyArystan ұшақтары да Иранды айналып ұшатын болды
Фото: istockphoto.com

Иран әуе кеңістігінің жабылуына байланысты қазақстандық FlyArystan әуе компаниясы да халықаралық рейстердің маршрутында өзгеріс болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

FlyArystan ақпаратынша, Иранның әуе кеңістігіндегі жағдай 17 қаңтарға жоспарланған екі рейстің орындалуына әсер етеді: Атырау – Доха және Ақтау – Дубай.

«Қазіргі кезеңде осы рейстерді Иранның әуе кеңістігін айналып өтетін баламалы маршруттармен орындау мүмкіндіктері қарастырылып жатыр. Жолаушылар мен экипаж мүшелерінің қауіпсіздігі FlyArystan үшін әрдайым басты басымдық болып қала береді», - делінген хабарламада.

Әуе компаниясы жолаушыларды брондау кезінде көрсетілген байланыс деректері бойынша WhatsApp, SMS және электрондық пошта арқылы рейстер туралы хабардар етеді. Сондай-ақ, өзекті ақпаратты ресми сайттан немесе мобильді қосымшадан білуге болады.

Бұған дейін Air Astana да Ирандағы жағдайға байланысты Шарм-эль-Шейх, Дубай, Доха және Мединаға орындалатын рейстердің маршрутын өзгерткен болатын.

Серіктес жаңалықтары

Мақалада

#FlyArystan #Иран #ұшақ