Қазақстан азаматтығын алу үшін тесті кім, қашан және қалай тапсырады

Автор: Нұргүл Абай

Ұлттық тестілеу орталығы емтихан күнін жариялады

Фото: © freepik.com / Sengchoy Int

Қазақстан азаматтығын алуға үміткерлер 3-10 ақпан аралығында тестілеуге өтініш бере алады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Өтінішті Ұлттық тестілеу орталығының app.testcenter.kz сайтында немесе UTO қосымшасы арқылы беруге болады.

Тестілеудің өзі 11 ақпанда өтеді.

Емтихан 3 бөлімнен тұрады:

  • қазақ тілі бойынша тест (қазақ тілінде) – 30 тапсырма, шекті балл – 15;
  • Қазақстан Конституциясының негіздері бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 40 тапсырма, шекті балл – 20;
  • Қазақстан тарихы бойынша тест (қазақ немесе орыс тілінде) – 30 тапсырма, шекті балл – 15.

Ең жоғары балл – 100, шекті балл – 50.

Тестіні орындауға 2 сағат 10 минут уақыт беріледі. Ал мүгедектігі бар адамдарға қосымша 30 минут қосылады.

Тестілеуге қатысу құны – 14 693 теңге.

Естеріңізге салайық, 2026 жылдан бастап Қазақстанда тұруға ықтиярхат алғысы келетін шетел азаматтары енді қазақ тілінен тест тапсырады.