$ 509.94  593.88  6.43
ҚАЗ
×
Бұл желілік ресурстың ақпараттық өнімдері 18 жастан асқан адамдарға арналған.
08.01.2026, 10:25
Қоғам

Былтыр жемқорларды «ұстап берген» қазақстандықтар 24 млн теңге сыйақы алған

Жемқорлардан ел бюджетіне 16 млрд теңге қайтарылды

Былтыр жемқорларды «ұстап берген» қазақстандықтар 24 млн теңге сыйақы алған
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy/Әбілқасым Есентаев

Ұлттық қауіпсіздік комитеті 2025 жылы сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүргізілген жұмыстың қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

ҰҚК былтыр сыбайлас жемқорлыққа барған 895 адамның заңсыз әрекетін тоқтатқан.  

Жемқорлық бойынша 1 052 қылмыстық іс қозғалып, 969-ына қатысты тергеу аяқталды, оның 860-ы сотқа жолданған.

«Сыбайлас жемқорлық фактілерінің басым бөлігі пара алу және бюджет қаражатын ұрлау сияқты қылмыстарға қатысты. Ел бюджетіне 16,1 млрд теңге қайтарылды. Құны 3,3 млрд теңге болатын мүлікке тыйым салынды. Ал сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлағаны үшін 61 адамға 24,2 млн теңге сомасында сыйақы берілді», - делінген хабарламада.

ҰҚК жемқорлыққа қарсы жүйелі жұмысты әрі қарай жалғастыратынын атап өтті.

Серіктес жаңалықтары