Шымкентте 12 жасар оқушы жеті жыл ішінде 650 кітап оқыған

Автор: Бақыт Шынар

Әлтайыр Ерназаров бірнеше тілді еркін меңгерген

Фото: otyrarkz

Шымкентте тұратын 12 жастағы Әлтайыр Ерназаров соңғы жеті жылда 650 кітап оқыған, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Отырар» сайтының жазуынша, кітапқұмар бала бірнеше тілді еркін меңгерген екен.

«Әлтайыр бес жасынан бастап кітапқа қызыққан. Оқушы ағылшын тілін жетік біледі, халықаралық тіл конкурстарына қатысқан. Қазір француз, неміс және түрік тілдерін үйреніп жүр», - деп жазады сайт.

Бала қазақ, орыс және ағылшын тіліндегі кітаптарды еркін оқиды.