Көлігіне Ту ілген азаматтарға айыппұл салына ма – министрлік мәлімдеме таратты

Автор: Бақыт Шынар

Мәдениет министрлігі ресми түсіндірме  берген

Фото: скриншот

Көлігіне Мемлекеттік Ту ілген азаматтарға әкімшілік жаза көзделмеген. Яғни, оларға айыппұл салынбайды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрлігі ресми мәлімдеме таратты.

Айта кетейік, жуырда, Тәуелсіздік күні кезінде көлігіне Ту ілген азаматтарды жол полициясы тоқтатып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Полиция ол азаматтарды Ту ілгені үшін емес, жол ережесін бұзғаны үшін тоқтатқан, деп мәлімдейді Ақпарат министрлігі.

«Көлігіне Мемлекеттік туды ілген азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылмайды. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі мен аймақтық полиция департаменттерінің түсіндіруінше, олар 16 желтоқсанда олар жол ережесін бұзған азаматтарды ғана тоқтатқан», - деп жазылған министрліктің мәлімдемесінде.

Айта кетейік, бірнеше күн бұрын Ішкі істер министрлігі көлікке ту тіккен жүргізушілер жол ережесін бұзғанын мәлімдеген еді.