Қазақстанда мемқызметкерлердің жалақысын екі есе өсіруге мүмкіндік бар: Алик Шпекбаев оның жолдарын атады

Автор: Azattyq Rýhy

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің төрағасы Алик Шпекбаев бүгін алқа отырысында бюджеттен қосымша қаражат сұрамай-ақ, мемлекеттік қызметкерлердің жалақасын  өсіруге  мүмкіндік беретін жолдарын атады.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, агенттік төрағасы мемлекеттік қызметтегі жалақы елдегі орташа жалақыдан әлдеқайда төмен екенін, қарапайым қызметкерлердің көбі сондықтан пара алуға бекінетінін айтқан.

«Бірақ, жалақыны көбейту бюджетке қосымша салмақ түсірмеуі керек. Ол үшін мемлекеттік органдар мен оларға бағынышты ұйымдардың штаттарын қысқарту керек. Қазақстанның заңнамасында мұндай мүмкіндік бар: бірінші басшылар өз штаттары мен мемлекеттік органның құрылымын өзі анықтай алады, ал, содан үнемделген қаражатты өздері бөле алады. Мемлекеттік госоргандарда резерв те бар, сондықтан, мемқызметкерлердің жалақысын кемінде екі есе өсіруге мүмкіндік бар. Бюджетке салмақ салмай-ақ», - деді ол.

Мәселен, Алик Шпекбаевтың айтуынша, экономикалық тергеу қызметі өз штатының 40 пайызын қысқартқан.

«Бұнымен тоқтамай, жыл соңына дейін штаттың 25 пайызын ғана қалдырамыз», - деді ол.

Кенжекей Тоқтамұрат, Нұр-Сұлтан