«Ұл мен қыздың саны бірдей»: Тәуелсіздік күні елімізде 725 бала туған

Автор: Бақыт Шынар

Олардың арасында 7 егіз бар

Фото: ДСМ

Кеше, 16 желтоқсан күні Қазақстанда 725 бала туған. Олардың арасында 7 егіз бар, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметіне сүйенсек, дүниеге келген ұл балалар мен қыз бөбектердің саны бірдей болған.

«Бұл күні жаңа туған нәрестелердің арасында 362 ұл бала, 363 қыз бала бар. Тәуелсіздік күніндегі бұл қуаныш ел үшін де, олардың отбасылары үшін де үлкен қуаныш», - деп хабарлайды министрлік.