ҚМДБ жаназа намазға 30 кісіден артық жиналмауға шақырды
Бірер күн бұрын Түркістан облысында қайтыс болған танымал діндар Әбдіғаппар Смановтың жаназасына мыңдаған адам жиналып, бұл жайт қоғамда қызу талқыға түскен болатын. Карантин кезінде адамдардың көп жиналуына тыйым салынса да, жергілікті тұрғындар бұл талапты сақтамаған. Ал, тәртіп сақшылары, билік өкілдері қазаға келген адамдар легін тоқтата алмады.
Осы жайттан кейін Қазақстан мұсылмандары діни бірлестігі карантин кезінде жаназа намазын оқу мен ас беру талаптарын бекітті.
«Қазақта той бару, тойда тілек айту, адам өмірден кеткенде топырақ салу деген дәстүр бар. Алайда, қазір дәстүрге түсіністікпен қарап, одан да маңызды адам өмірі екеніне көңіл бөліп, адамның амандығына үлес қоссақ. Қазіргі таңда той-жиындарды тоқтатты. Адамның өмірі болғаннан кейін, өлім болады. Ондай жағдайда туыстарымен атқарып, дұғада, тілекте болсақ. Қазір бата беруді бармай-ақ, қашықтан беретін мүмкіндік бар. Сондықтан талаптарды сақтайық», - деді бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.
Ендеше, жаназа намазына қатысты талаптар мынадай:
Ал, құдайы астарға (жетісі, қырқы, жүзі, жылы және тағы басқа) қатысты талаптар мынадай:
«Шариғатта қандайда жұқпалы аурудың белгісі тараған кезде аурудың етек алуын тоқтатуда карантин режимі қажет екені атап айтылған. Мұндай карантиндік жағдай көптеген мұсылман мемлекеттерінде жүзеге асуда. Сондықтан қазіргідей көзге көрінбейтін зиянды дерт тараған кезде оның алдын алу әрбір мұсылман баласы үшін міндет», - деді ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров.